Қазіргі таңда еліміздегі білім ошақтарында мектеп оқушыларына ыстық тамақ ұйымдастырылып келеді. Сәйкесінше балаларға берілетін ыстық тамақтың сапасы мен құнарлылығына аса мән берілуі тиіс және мектеп оқушыларына берілетін тамақтың сапалылығы, ыдыс-аяқтың тазалығы, санитарлық- эпидемиологиялық талаптардың сақталуы, азық-түліктің сапалы болуы үнемі назардан тыс қалмауы қажет.
Осы орайда Тұрар Рысқұлов атындағы №222 орта мектеп асханасының талапқа сай жұмыс істеуін қарау мақсатында мониторинг комиссиясы мектеп асханасындағы барлық талаптардың орындалуы бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізді. Негізгі бақылауға алынған шаралар:
Асхананың санитарлық- эпидемиологиялық талаптарға сай болуы;
Тамақ өнімдерінің сапасы;
Күнделікті ас мәзірдің сәйкестігі;
Рұқсат етілмеген тауарлардың сатылымда болмауы;
Ас үй ыдыстарының, асхана аспаптарының жай күйі;
Жеткізілген азық-түліктердің сапасы мен сақталу мерзімі.
Зерделеу барысында жоғарыдағы көрсетілген талаптар өз уақытында дұрыс орындалып жатқанын байқады. Мектеп асханасына мониторинг жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі жүргізіліп отыратын болады.
https://222mektep.kz/kz/zhanaly-tar/114-askhana-zh-mystaryna-monitoring.html#sigFreeId45af6f47ad








