Кездесу кешінің мақсаты – жас ұрпаққа өнегелі тұлғалардың өмір жолын насихаттау, оқушылардың ғылым мен білімге деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және зиялы қауым өкілдерінің еңбегін үлгі ету және жас буынға рухани бағыт-бағдар беру болды.

Кездесу барысында мектеп ұжымы қадірлі қонақты зор құрметпен қарсы алып, гүл шоқтарын табыстады. Қазақ халқының дәстүріне сай иығына шапан жабылып, ерекше ілтипат көрсетілді. Шара аясында мектеп оқушылары арнайы концерттік бағдарлама ұсынып, ән мен жырдан шашу шашты. Өнерлі оқушылардың әсерлі қойылымдары кештің мазмұнын арттырып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Сонымен қатар, ғалыммен мазмұнды сұхбат жүргізіліп, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Жеңіс Садуақасұлы ғылым жолындағы ізденістері, өмірлік тәжірибесі мен жетістікке жетудің қыр-сыры жайында құнды ойларымен бөлісті. Ол жастарды білімге ұмтылып, еңбектенуге, ел болашағына қызмет етуге шақырды.

Кездесу соңында Жеңіс Садуақасұлы мектеп оқушыларына және кітапхана қорына өзінің авторлық кітаптарын сыйға тартып, рухани тарту жасады. Бұл – білімге құштар жас ұрпақ үшін үлкен сый әрі ғалымның кейінгі буынға деген жанашырлығының белгісі болды.

Тағылымы терең кеш оқушыларға ерекше әсер қалдырып, олардың ғылым мен білімге деген ынтасын арттырды. Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың болашаққа нық қадам басуына жол ашады.