Мектебімізде 4–5 сынып оқушылары арасында «Әншуақ» фестивалі аясында «Балауса әуен» атты ән байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты — жас таланттардың өнерін шыңдап, сахна мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ оқушылардың музыкаға деген қызығушылығын арттыру.
Шара барысында қатысушылар өздерінің әсем дауысымен, сахнадағы еркіндігімен көрермендерді тәнті етті. Әрбір өнерпаз ерекше дайындықпен келіп, өз өнерін жоғары деңгейде көрсете білді.
Байқау қорытындысы бойынша үздік орындаушылар марапатталып, қалған қатысушылар түрлі номинациялармен аталып өтті.
Байқау нәтижелері бойынша жүлделі орын иегерлері анықталды:
І орын – 5”Ж”сынып – Болатбекұлы Абдулла
І орын – 4”Б”сынып – Қазбек Бибайша
ІІ орын – 5”Г”сынып оқушысы Ақболат Ақсүйрік
ІІ орын – 5”Б”сынып оқушылары Нұрғали Алинұр, Өтеген Айсұлтан
4 сыныптар бойынша:
ІІ орын – 4”В” сынып – Думанқызы Ұлжан
ІІ орын – 4”Д”сынып – Асан Сымбат
ІІІ орын – 5”Д”сынып – Қайырбек Айзере
ІІІ орын – 5”Ә”сынып – Мұса Балнұр
ІІІ орын – 4”Ә”сынып – Аян Нұраят
ІІІ орын – 4”Е”сынып – Әсетқызы Айша
Номинациялар:
«Көрермен көзайымы»
«Ең әсерлі орындау»
«Сахна шебері»
«Жас талант» номинациясы
Осындай игі шаралар жас өнерпаздардың шығармашылық қабілетін дамытып, олардың болашаққа деген сенімін арттыра түсетіні сөзсіз.
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз және алдағы уақытта да биік белестерден көріне берулеріне тілектеспіз!
https://222mektep.kz/kz/zhanaly-tar/111-shabyt-zhobasy-ayasynda-nshua-festivali.html#sigFreeId9e1cd66f04








