Тұрар Рысқұлов атындағы №222 орта мектебінде ғылыми жоба байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жас зерттеушілер өз еңбектерін көпшілік алдында қорғады.
Бұл байқаудың басты мақсаты – оқушылардың ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыру, олардың ізденімпаздығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және дарынды оқушыларды анықтап, оларды келесі деңгейдегі ғылыми байқауларға бағыттау болып табылады.
Бұл байқау – оқушылардың ғылыми ойлау қабілетін дамытып, ізденіске баулитын маңызды алаң екені дәлелденді.
Байқау барысында қатысушылар өз жобаларын таныстырып, тың идеяларымен ерекшеленді. Әрбір жұмысқа сараптама жасалып, оқушыларға құнды пікірлер мен нақты бағыт-бағдар берілді.
Аталған байқауға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеттің т.ғ.к. доцент Сәтбай Тастанбек Яхияұлы мен “Өрлеу” Біліктіліті арттыру ұлттық орталығы” Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институтының кафедра меңгерушісі ф.ғ.к. Жанар Аманжолқызы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің “Тарих және археология” БББ аға оқытушысы Жайна Темірбекқызы қатысып, қазылар алқасының құрамында әділ бағасын берді. Бұл өз кезегінде байқаудың маңызын арттырып, оқушыларға үлкен жауапкершілік жүктеді.
Байқау қорытындысы бойынша қалалық кезеңге қатысатын үздік оқушылар іріктелді.
«Зерде» ғылыми жобасы бойынша:
5-сынып оқушысы Жәнібек Іңкәр
5-сынып оқушысы Балғабекова Ақұлпа
4-сынып оқушысы Жанатқызы Жәния
6-сынып оқушысы Сағат Сымбат
6-сынып оқушысы Жағыппар Аршат
«Дарын» ғылыми жобасы бойынша:
9-сынып оқушысы Бимахан Мерей
7-сынып оқушысы Уәлихан Айзере
8-сынып оқушысы Әмірбек Әсем
9-сынып оқушылары Раушанбек Ақнұр мен Батырхан Гүлжайна
9-сынып оқушысы Мырзахан Гүлсезім
9-сынып оқушысы Амантай Кәусар
7-сынып оқушысы Жалғас Гүлнұр
10-сынып оқушысы Балтабай Анель
9-сынып оқушысы Базарбай Нұрислам
9-сынып оқушысы Елдос Жаннұр
Бұл оқушылар енді мектеп намысын қалалық кезеңде қорғайтын болады.
Жас зерттеушілердің әрбір жетістігі – ұстаздардың табанды еңбегі мен жүйелі жұмысының нәтижесі. Ғылымға деген қызығушылық пен ізденіс осындай байқаулар арқылы шыңдалып, болашақта үлкен жетістіктерге жол ашады.
https://222mektep.kz/kz/zhanaly-tar/110-ylymi-izdenis-tabys-a-bastar-zhol.html#sigFreeId4c22a55a04








