Жиналыстың мақсаты: оқушылардың оқу үлгерімі мен тәрбиелік деңгейін талқылау, алдағы маңызды кезеңдерге (қорытынды аттестаттау, ҰБТ-ға дайындық) байланысты ақпарат беру және мектеп пен ата-ана арасындағы өзара байланысты нығайту болды.

Жиналыс барысында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Кенжегулова Анар Жалғасбайқызы Ұлттық бірыңғай тестілеудегі болып жатқан соңғы жаңалықтар мен биылғы бітіруші түлектердің ҰБТ-ға дайындық барысы, оқушылардың дайындық деңгейі жайлы, бітірушілердің қорытынды емтиханы туралы мәлімет ұсынды.

Мектеп директорының бағдарлы ісі жөніндегі орынбасары Қабылтаева Адемау Жорабекқызы өз сөзінде ата-аналар мен оқушыларға оқу орындары туралы жан-жақты ақпарат беріп, олардың білім беру бағыттары, қабылдау талаптары мен мүмкіндіктеріне кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарына түсу жолдарын түсіндіріп, гранттар мен жеңілдіктер туралы мәлімет ұсынды. Бітіруші түлектерге мамандық таңдаудың маңыздылығын атап өтіп, әр оқушының қабілеті мен қызығушылығына сай дұрыс таңдау жасауына бағыт-бағдар берді.

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сүлейменова Динара Қалданбекқызы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты ата-аналарға мектеп директоры Утегенов Бағдат Қонысбайұлының «2025-2026 оқу жылын аяқтау бойынша шараларды ұйымдастыру туралы» 2026 жылғы 6 сәуір №69 н/қ санды бұйрығын таныстырып, мектеп бітіру кеші мен оқу жылын аяқтауға байланысты ешқандай ақша жиналмау қажеттігін ата-аналарға қатаң ескертті. Бұйрыққа сәйкес құқық бұзушылықты болдырмау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мәселелерін түсіндірді.

Жиналыста ата-аналар белсенділік танытып, өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Балалардың оқуына қолдау көрсету, үй жағдайында бақылауды күшейту және мектеппен тұрақты байланыста болу қажеттілігі атап өтілді. Жиналыс ашық диалог форматында өтіп, барлық тараптар үшін пайдалы әрі мазмұнды кездесу болды.