Т.Рысқұлов атындағы №222 орта мектебінде 9-сынып оқушылары арасында ерекше рухани шара – «Мен Шоқан ізімен» атты эссе байқауы өтті.
Байқаудың басты мақсаты – Шоқан Уәлихановтың өмірі мен еңбектерін таныту, тарихи тұлғаға деген қызығушылықты арттыру, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Бұл байқау – тек жазу жарысы емес, бұл ұлы ғалымның рухымен сырласу, оның білімге, ғылымға деген шексіз құштарлығын жүрекпен сезіну еді. Оқушылар өз эсселерінде Шоқандай болуды армандап, елге қызмет етудің, білімнің маңызын терең жеткізе білді. Әрбір шығарма – бір жүректің үні, бір арманның айнасы іспетті.
Жас ұрпақтың бойынан осындай талпыныс пен ізденісті көру – біз үшін үлкен қуаныш. Себебі бүгінгі ізденімпаз оқушы – ертеңгі ел тірегі!
Эссе байқауына қатысқан оқушылардың жұмыстары тексеріліп, қатысушылар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Нәтижесінде
9 «А» сынып оқушысы Раушанбек Ақнұр I орын
9 «Б» сынып оқушысы Кенжалы Динара II орын
9 «Ә» сынып оқушысы Қуанышбай Таңшолпан II орын
9 «Д» сынып оқушысы Ораз Фатима III орын иеленді.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
https://222mektep.kz/kz/zhanaly-tar/107-men-sho-an-izimen.html#sigFreeIdde56472414








