Тұрар Рысқұлов атындағы №222 орта мектебінде жоғары сынып оқушылары арасында құқықбұзушылықтың, буллингтің және кәмелетке толмағандар арасындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында «Хулиганка» фильмі көрсетілді.
Көрсетілім оқушыларға әрбір құқықбұзушылықтың салдары болатынын түсінуге, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға бағытталды. Жасөспірімдерге құқықтық тәрбие беру, заң талаптарын құрметтеуге баулу, буллинг пен әлімжеттіктің зиянды салдарын ұғындыру бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оқушылардың пікірі тыңдалды. Оқушылар арасында өзара сыйластықты, толеранттылықты, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру көзделді.
https://222mektep.kz/kz/zhanaly-tar/105-t-rar-rys-lov-atynda-y-222-orta-mektebinde-zho-ary-synyp-o-ushylary-arasynda.html#sigFreeId729d224b2f








