Қызылорда "Болашақ" университетінде ашық есік күні ұйымдыстырылды. Осы орайда Т. Рысқұлов атындағы 222 орта мектебінің 11 - сынып оқушылары аталған оқу орнына барып, оқу орнының метариалдық-техникалық базасын көрді.
Оқушылар оқу орнының әр кафедра мамандықтарымен танысты. Кітапхананың электронды мүмкіндіктерін, жылыжай өнімдерін, спорт кешенін, жатақхана, одан әрі студенттер сарайымен танысып, оқу орнының студенттерінің ұйымдастырылуымен өткізілген концертке қатысты. Оқушыларға Қызылорда "Болашақ" университетінің мүмкіндіктері ұнады.
Қызылорда "Болашақ" университетінің әкімшілігіне "ашық есік" күнін ұйымдастырғаны үшін алғысымызды білдіреміз.