Тұрар Рысқұлов атындағы №222 орта мектебінде педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында «Қалыптастырушы бағалауды “жандандыру”: күнделікті сабаққа тиімді енгізу жолдары» тақырыбында әдістемелік күн ұйымдастырылды. Іс-шараға пән мұғалімдері қатысып, сабақ барысында бағалаудың тиімді тәсілдерін қолдану жолдары бойынша тәжірибе алмасты.
Іс-шараның мақсаты – мұғалімдердің қалыптастырушы бағалауды сабақ үдерісіне жүйелі әрі нәтижелі енгізу дағдыларын жетілдіру, бағалау құралдарын дұрыс құрастыру арқылы оқушылардың оқу жетістігін арттыруға ықпал ету.
Әдістемелік көмек беру барысында қатысушыларға бағалаудың екі негізгі түрі – қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың ерекшеліктері кеңінен түсіндірілді. Әсіресе қалыптастырушы бағалаудың оқушының күнделікті оқу үдерісіндегі ілгерілеуін бақылаудағы маңызына ерекше тоқталды.
Практикалық бөлімде мұғалімдер қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын құрастыру алгоритмімен танысты. Сонымен қатар:
– бағалау критерийлерін дұрыс құрастыру;
– әр тапсырмаға нақты дескрипторлар әзірлеу;
– сабақ мақсатына сай қысқа мерзімді жоспар дайындау;
– сабақты тиімді ұйымдастыру жолдары жан-жақты түсіндіріліп, нақты мысалдар арқылы көрсетілді. Қатысушылар өзара пікір алмасып, тәжірибеде кездесетін қиындықтарды талқылап, оларды шешу жолдарын ұсынды. Бұл өз кезегінде мұғалімдердің кәсіби дамуына серпін беріп, сабақ сапасын арттыруға бағытталған тиімді алаң болды.