ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ
Астана қаласында өткен Ө.Жолдасбеков атындағы 11(12) сынып оқушыларына арналған математика және механика бойынша зерттеу жобаларының XV Халықаралық конкурсының қорытындысы бойынша жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, ерекше жетістігі үшін Грамотамен марапатталған Тұрар Рысқұлов атындағы №222 орта мектебінің оқушысы Талғатқызы Диляра мен оның жетекшісі Каюпова Бақыт Жеңісқызын шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл жетістік – табанды еңбектің, терең білім мен шығармашылық ізденістің айқын нәтижесі. Осындай биік белестерді бағындырып, мектеп абыройын асқақтатып жүрген Диляраға алдағы уақытта да толағай табыстар, жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз!
Жетекшісі Бақыт Жеңісқызына шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін алғыс білдіреміз. Сіздердің еңбектеріңіз – болашаққа салынған берік негіз!
Алдағы уақытта да биік белестерден көріне беріңіздер!